Біздің балабақша туралы

Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің «№ 54 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК да 28 педагог қызмет етеді: жоғары білімді педагогтары – 13, арнайы орта білімі бар педагогтар - 15.

Санаты бойынша: жоғары санатты – 7, бірінші- 5, екінші – 3.

Балалабақшада 12 топ қызмет көрсетеді, соның ішінде: мемлекеттік тілде – 6 топ, орыс тілде – 6.

  • Екінші сәбилер тобы – 3-4 жас
  • Естиярлар тобы – 4-5 жас
  • Ересектер тобы – 5-6 жас
  • Мектепке даярлық тобы – 6-7 жас

Балабақшада медбике бөлмесі, дене шынықтыру залы, ән - саз залы, өзін-өзі тану кабинеті, қазақ, ағылшын, орыс тілі кабинеттері, информатика кабинеті бар.

№54 «Айналайын» балабақшасында балаларды оқыту және тәрбиелеу жұмыстары ҚР 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты негізінде жүзеге асырылады.

Балабақшадағы оқу-тәрбиелеу жұмыстары «5-7 жастағы балаларға арналған мектепалды даярлық», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» бағдарламаларымен және педагогикалық кеңесте қаралған, балабақша директорының бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі. Балабақшадағы оқу процесі ҚР нормативті құжаттың талаптарына сәйкес құрылған оқу жоспары арқылы жүзеге асырылады. Балалардың жас ерекшелігі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, күн тәртібі мен оқу іс-әрекеттері оқу жүктемеге сәйкес бөлінген

Балабақшадағы оқу-тәрбиелеу процесінде балалардың сезімдік-эмоциялық дамуы қосымша жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. Балалардың дамуы әлеуметік-эмоциялық ортада, оның ішінде қауіпсіз мінез-құлық негіздері арнайы ойын оқу іс-әрекеттері арқылы кірістірілген.

Балабақшадағы педагогикалық ұжымның барлық оқу-тәрбиелеу жұмыстары әрбір баланы жеке тұлға ретінде үйлесімді жан-жақты дамыта отырып тәрбиелеуге бағытталған.