№54 «Айналайын» балабақшасы
09.08.2018. «Әжелер хоры» фестивалі

09.08.2018 ж. - біздің балабақшамызда қалалық Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының –елордасы Астана қаласының 20 жылдығын, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында «Әжелер хоры» фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге 13 балабақша қатысты. Фестивальде Отан, туған жер туралы әндермен қатар халық әндері шырқалды. Фестиваль соңында қатысушылар медальдармен марапатталды.


 
03.08.2018. «Дені саудың –жаны сау» спорттық эстафеталық сайыс

03.08.2018 ж. қалалық «Дені саудың –жаны сау» спорттық эстафеталық сайыс ұйымдастырылды. Эстафетаға біздің балабақшадан Кальмухамбетовтер отбасы қатысты.


 
25.07.2018. «Үздік флешмоб» фестивалі

25.07.2018 ж. Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру, Ақтау қаласының 55 жылдығын мерекелеу аясында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің қатысуымен «Үздік флешмоб» фестивалі өтті. Фестивальге біздің балабақша педагогтері мен тәрбиеші көмекшілері қатысты.


 
20.07.2018. Қалалық «Қазақтың ұлттық ойындар» көрмесі

20.07.2018 ж. қалалық «Қазақтың ұлттық ойындар» көрмесі ұйымдастырылды. Балабақшамыздың дене шынықтыру тәрбиешісі Жунисбекова Венера Ертайқызы көрмеде өзінің ұлттық ойынын көрсетті.


 
12.07.2018. Рахмет саған, ЖАЗ!

Гүлдер нәзік болады
Қаулап өсіп толады.
Қарамасаң аялап
Солып, қурап қалады.


 
<< Басы < Өткен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 келесі > Соңғы >>

Бет 10 из 18